1-Маусым
Кемеңгер ауылының «Аяла» сәбилер бақшасында 1 — маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті. Балаларды қорғау дегеніміз — әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн, ашық аспандай, нұрын ашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз біздің өмір сүрсе екен, олардың жүректерінен қайғы мұң шалмаса екен. Қымбатты балалар Бүгінгі мерекелерің құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның үлкен азаматты болуға жетелеуін тілейміз.