Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Алғыс сезімімен

Алғыс сезімімен
Павлодар ауданы «Балалар өнер мектебінің» ұстаздары мен ата-аналары атынан Павлодар ауданы әкімі Александр Бабенко мырзаға қосымша білім беру саласын қолдап, назар аударғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Тоқсан бес оқушысы болған шағын музыка мектебінен қайта құрудың нәтижесінде «Балалар өнер мектебіне» айналып, қазіргі уақытта 373 оқушысы өнер нәрін сусындауда, бұл балалардың жетістіктеріне одан әрі биіктерден көріне беруіне демеу болды.
Біздің балалар өнер мектебіне көңіл аударғаныңыз үшін сізге ризамыз, себебі бұл мекемеде тегін үйірмелер және қосымша сыныптар ашу мүмкіндігі туды, нәтижесінде оқушыларымыз түрлі шығармашылық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысу мүмкіндігін алды.
Бірнеше күн бұрын балалар өнер мектебінің оқушылары Астанада өткен халықаралық «Аstana Grand- PRIX» және «Laula» сайыстарына қатысып, «Аспаптық шеберлік» пен «Халық әні» аталымдарында таланттарын сынап келді.
Бұл сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен және көрші елдерден 700-ден астам әр түрлі аталымдар бойынша қатысушылар келді. Сайыс қорытындысы бойынша біздің оқушыларымыз биік деңгейден көрінді.
Фортепиано сыныбының оқушысы Владимир Бош Р.Щедриннің «Юмореска» шығармасын ойнауда асқан шеберлік танытқаны үшін, бірінші орынды иеленіп, арнайы сыйлықпен марапатталды (ұстазы С.Применко). Кіші топ санатында «Аспаптық шеберлік» аталымында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш » шығармасын ойнаған Фатима Асқарова да жүлделі бірінші орынды иеленді. Домбырашы Алдияр Кабиденов Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін шеберлікпен орындағаны үшін екінші орынды жеңіп алды (ұстазы Қ.Таймасов). Вокал және домбыра сыныбының оқушысы Балтабек Қаппасов екі аталымда да жүлделі бірінші, екінші орындарға ие болды.
60 домбырашылардың ішінен гала-концертке қатысу мүмкіндігін алған оқушымыз «Бөгелек» күйін асқан шеберлікпен орындап, көрермендерді тәнті қылды (ұстаздары А. Қаппасова, Т.Байбусунова).
Оқушыларды сайысқа сапалы дайындаған ұстаздар өнер дамуына зор үлес қосқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

«Балалар өнер мектебінің»
педагогикалық ұжымы мен ата-аналары