” Анам, әкем, мен-тату отбасымыз”
Балалар кітабы апталығы аясында 07.04.2023 жылы Богдановка мектебінде ” Анам, әкем, мен-тату отбасымыз”атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны мектеп кітапханашысы Н.Е.Қабдырова мен”Оқуға құштар мектебі” жобасының жетекшісі В. В. Фейст ұйымдастырды. Балалар аналарымен бірге ертегі туралы викториналық сұрақтарға жауап берді. Содан кейін кітап туралы мақал-мәтелдер мен өлеңдерді еске алды. Олар үйге берілген тапсырмаларын тиянақты орындап, өздері жасап келген кішкентай кітапшалары туралы өз ойларын әділ-қазы алқаларымен бөлісті. Барлық қатысушылар шағын сыйлықтармен марапатталды. Бұл іс-шара ата-аналардың, балалар мен мұғалімдердің қарым-қатынасы мен оқуға деген қызығушылығын жақындастыруға көмектеседі.