«АРАЙЛЫ ТАҢЫМ- АЗАТТЫҚ!» ОБЛЫСТЫҚ МҮШАЙРАНЫҢ НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРІ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық мектеп оқушылары арасындағы «Арайлы таңым- Азаттық!» атты жыр мүшайрасы ұйымдастырылды. Облыстың түпкір-түпкірінен жас ақындар бақтарын сынауға белсенді қатысты. Павлодар ауданының да жас ақындары да бұл сайыстан қалыс қалған жоқ. Кеңес негізгі мектебінің намысын қорғауға Бахатхан Жұпаргүлдің жетекшілігімен 5-сынып оқушысы Жуматанова Томирис қатысты. 9 желтоқсан күні Красноармейка ауылының Мәдениет үйінде марапаттау рәсімі өткізілді. Барлығы облыс бойынша 9 ғана оқушы марапатталды. Жеңімпаздардың ішінде Жуматанова Томирис «Тәуелсіздік мұратым» номинациясына ие болды. Павлодар ауданына тағы бір жеңіс әкелген оқушымызды құттықтаймыз!
Білім беру бөлімінің әдіскері Сандугаш Матаева