Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

АУДАНДЫҚ МАХАМБЕТ ОҚУЛАРЫ

2016 жылғы 11 мамырда Кеңес негізгі мектебінде  VII республикалық Махамбет оқуларының аудандық  кезеңі өткізілді. Осы іс –шараға 9 мектептен 22 оқушы қатысты, оның ішінде Кеңес, Григорьевка Красноармейка, Шақат, Ефремовка,Ямышев, Розовка,   № 1, 2 Чернорецк орта мектептері.

Махамбет оқуларының  міндеті – Махамбетті және Махамбеттің дәстүрін жалғастырған дарынды ақындардың  шығармаларын ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей, мәңгілікке сіңіру, өскелең ұрпақты қайсарлыққа, батылдыққа тәрбиелеу, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Махамбет оқуларының  сайысы 3 бөлімнен тұрады.

«Мен –Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!».   Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
«Ұлы арман» – Махамбеттің  күйлерін орындаушылардың конкурсы.
«Тартынбай сөйлер асылмын…..» . Жас дарындар конкурсы. Өз шығармаларын орындау: өлеңдер, әндер, музыкалық шығармалар.

Сайыста жүлделі орындарға ие болған келесі оқушылар:

«Мен –Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын»

3 орын

Шакенов Балабек, 5 сынып Кеңес мектебі

2 орын

Нығметолла Темірлан, 9 сынып Красноармейка мектебі

Ахмет Әділет, 7 сынып  № 2 Чернорецк мектебі

1 орын

Болатхан Серікбол, 10 сынып Ямышев мектебі

«Ұлы арман»

2 орын

Бекзатхан Алима, 6сынып Ямышев мектебі

Қарақожа Алданай, 6сынып Ямышев мектебі

1 орын

Назмутдинов Фаиз, 8 сынып Шақат мектебі

 «Тартынбай сөйлер асылмын..»

3 орын

Смаилова Гаухар, 10 сынып Шақат мектебі

2 орын

Айгазинова Гаухар, 6 сынып Ефремовка мектебі

1 орын

Бауржанова Гульнур, 8 сынып Красноармейка мектебі

Бірінші орын алғандар оқушылар  облыстық Махамбет оқуларына қатысады. Оларға  сайыста сәттілік және  жеңіспен оралсын деп тілейміз.

Білім беру бөлімінің әдіскері        С.Матаева