АУДАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР
2016 жылғы 13 мамырында Павлодар облысының Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының жетекшілігімен, Павлодар ауданының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен облыстық үнемі әрекеттегі семинар өткізілді.
Семинарға инновациялық орталығының директоры С.Ш.Слямова, әдіскер Алейник Л.А және Павлодар облысының аудандарының және Павлодар, Екібастуз, Аксу қалаларының әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, аудан мектептерінің оқу-ісінің меңгерушілері қатысты.
Семинардың жұмысына білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Қайырбек Ш.Қ қатысты.
Семинарды ұйымдастырған білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.Кауметова және әдіскерлер.
Семинар барысында Розовка ОМ директоры Антоненко Р.Ю «Оқытудың 12 жылдық үлгісін енгізу бойынша мектептің эксперименталдық жұмыс тәжірибесі – білім беру мазмұнын әдістемелік платформасы» тақырыпта баяндама жасап, 12 жыл жиналған тәжірибені ортаға салды.
Семинардың екінші кезеңінде эксперттік кеңес отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде Красноармейка, Розовка, Пресновка, Заря ЖОМ- терде
гимназиялық сыныпта білім беру бағдарламасын апробациялаудың аралық нәтижелері туралы мектептердің оқу ісінің меңгерушілері мәлімет берді.
«Ауылдық көпсалалы мектептің кіріктірілген моделін құру» облыстық эксперименталдық алаңы аясында Заря ЖОМ оқу ісінің меңгерушісінің ақпараты тындалды.
Семинар барысында мектептердің инновациялық жұмыс мәселелері қарастырылып, шешім қабылданды.
Розовка ОМ 3 –ші гимназиялық сыныбында ашық сабақ көрсетілді.
Семинардың соңында қатысушылар Розовка, Луганск балабақшаларының жұмысымен танысып, мектептің өлкетану мұражайындағы экспонаттарды тамашалады.
Семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.
Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М.Кауметова