Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Ашық есік күні» бойынша ақпарат

Мичурин орта жалпы білім беру мектебінде 2017 жылы 16 ақпанда өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Ашық есік күнін» өткізді. Осы күні бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар беріп,  сабаққа ата-аналар, ауданның білім беру бөлімінің әдіскерлері мен ұстаздары қатысты.

Осы күні  2 «А» сыныбында  Исабаева Л.Х «Жалқы және жалпы есім» тақырыбы бойынша қазақ тілінен ашық сабақ көрсетті. Сабақ жүйелі, тартымды, қызықты болды. Түрлі тапсырмалар орындауда  оқушылар Нұрлан А, Алибаева Д, Жылқайдарова К, Сейказынова С өздерінін  білімдерін көрсете алды.

Сонымен қатар спорттық «Әкем, анам, мен –спорттық жанұямыз» атты  іс-шара  өтті.  Іс – шараға бастауыш сыныптан 4 жанұя ат салысты. Атап айтқанда, 1 «В»,  2 «А», 2 «Б» сыныптары.  Әр жанұяда топтың аты, киген киімдері ойластырылған. Сайысқа  жанкүйерлер қолдау көрсетіп, сайыс жоғары дәрежеде өтті.  Сайыс сонында әр отбасы грамоталармен марапатталды.

 

Әдіскер Султангазина А.Е.