«ЕРТІС ТОЛҚЫНЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Би өнері саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл – күйге негізделе көрсетілген шоқтығы биік көне өнердің бірі.Аймақтардағы ең үздік шығармашылық би ұжымдары арасындағы қарым – қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасу, олардың кәсіби деңгейін көтеру, талантты ұжымдарды халыққа таныту мақсатымен сәуірдің 23-24 күндерінде «Шаңырақ» халық шығармашылығы мен мәдени – сауық қызметі орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Халықаралық би күніне арналған VIII аймақтық «Ертіс толқыны» атты байқау өткізілді.
Осы байқауға Шақат орта мектебінің «Айгөлек» би тобы қатысып, III жүлделі орынға ие болды. Бишілерді дайындаған – ұжым жетекшісі Сағынтай Арай Бейбітқызы.
Білім беру бөлімінің әдіскері С.Матаева