«Мектептегі білім берудің басты мақсаты- оқытудың сапасын көтеру.Адамның не білетіні маңызды емес,маңыздысы ол не істей алады және білімді қалай қолдана алады»
«Мектептегі білім берудің басты мақсаты- оқытудың сапасын көтеру.Адамның не білетіні маңызды емес,маңыздысы ол не істей алады және білімді қалай қолдана алады»
Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі.
2017 жылдың 15 ақпаныныда Павлодар ауданының Красноармейка орта жалпы білім беру мектебінде «Білім берудің жаңа мазмұны аясында бірінші сыныпта оқытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта аудандық мұғалімдер үшін симинар өткізілді.
Семинардың өткізу үлгісі – пікірталас алаңы, дөңгелек үстел басындағы әңгіме, ашық сабақтар.
Семинардың мақсаты: Білім берудің жаңа мазмұны аясында өзекті мәселелер бойынша жұмысты тәжірибемен алмасу және талқылау.
Семинар барысында қатысушылар қазақ және орыс тілді оқытудың бірінші сыныптағы «Әріптік мәндер» атты тақырыпта математика пәнінен өткізілген ашық сабаққа қатысты (өткізген мұғалімдер ТкачеваТ.В.,Садыкова М.К.)
Г.С.Рамазанова мен Ө.Хавдобай ЧОЖБ мұғалімдері «Критереалды бағалау» атты тақырыпта дөңгелек үстел басындағы әңгіме мен мектеп психологы Г.А.Мурзабекова «Жан толғанысы мен сезім» атты тренинг өткізді.
Павлодар облысының білім берудің инновациялық орталығының әдіскері Н.Н.Жолдыбаева семинар қатысушыларына «Білім берудің жаңа мазмұнындағы өзекті мәселелер» тақырыбында пікірталастық алаң өткізді. Біз оның арқасында бізді көп қызықтырған сұрақтарға жауаптар таптық.
Бұл міндетті түрде біздің жұмысымызға оң әсерін береді.
Семинар өзінің мазмұндылығымен, жұмыстың жаңа түрімен ұнады.Үлкен қуат алуға мүмкіндік берді.
Әдіскер Султангазина А.Е.