Мектепішілік ата-аналар жиналысы
Мектепішілік ата-аналар жиналысы
2017 жылдың 8 қарашасында Балалар өнер мектебінің мәжіліс залында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қаралды:
1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Н. Курманованың сөз сөйлеуі.
2. Сынып пен үйірме жетекшілерінің есебі.
3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Дарьина, Д. Габбасованың 2016-2017 жылдың тәрбие ісіне есебі
4. БӨМ директоры А.Б.Каппасованың сөз сөйлеуі
5. Әр түрлі
Жиналысты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Н. Құрманова ашты. Балалар өнер мектебі баланы жан-жақты дамытатын ортаның бірі екенін айта кетті. І тоқсанды үздік аяқтаған оқушылар ерекше аталып өтілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Дарьина, Д. Габбасова 2016-2017 оқу жылының тәрбие жұмысы есебін презентация, фотоесеп көрсету арқылы ұсынды.
Жиналыс соңында Астана қаласында өткен Халықаралық «Astana Gran prix» , «Laula» сайыстарын қатысып 1,2 орынды иеленген оқушыларды мектеп әкімшілігі салтанатты түрде ата-аналар алдында марапаттады. Олардың жетістігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, облыс, аудан сайттарына орналастырылды. Олар Каппасов Балтабек, Бош Владимир, Асқарова Фатима, Кабиденов Алдияр. Әр марапаттаудан кейін музыкалық номер көрсетілді.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Бош Евгения сөз сөйлеп, оқушыларды құттықтап, мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға өз алғысын білдіріп, жылы сөздерін арнады.
Мектеп жиналысы соңында директор Асем Бекенқызы жеңімпаздар мен ұстаздарды құттықтап, ата-аналарға алғысын білдірді. Балалар өнер мектебі – жас таланттар,музыканттар, суретшілер, бишілер шығатын, өнер үйі болып қала бермекші, екенін атап өтті.