Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«МӘШҺҮР – ЖҮСІП: ӨМІРДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ, ІЗДЕНІСТЕРІ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы XIX ғасырдың бірінші жартысы мен XX   ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ақын, философ, тарихшы, фольклоршы. М-Ж. Көпейұлы ­ өмір сүрген дәуірі, қоршаған ортасы жағынан, тыныс тіршілігі алған рухани нәрі Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам.

Республика оқушыларының танымдық  қызығушылығын арттыру мақсатында тарихшы-философтың шығармашылығын зерттеу сайысы  әр жыл сайын   өткізілуде.

Осыған орай, 2016 жылғы 18 мамыр күні Григорьевка негізгі мектебінде «Мәшһүр – Жүсіп:  өмірдің философиялық мәні, ізденістері» атты  аудандық интеллектуалдық сайысы өткізілді.

Сайыстың міндеттері:мектеп оқушыларының арасында Мәшһүр-Жүсіп шығармаларын кеңінен насихаттау; оқушыларды ақынның шығармаларына, ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Осы міндеттерді орындап, сайысқа қатысқан 8 мектептің 20 оқушысы келесі нәтижелерге ие болды;

«Алдыма өлең  жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»

1 орын

Камелбай Дингуль, 9 сынып, Ямышев мектебі

2 орын

Найманбай Акмарал, 8 сынып, Григорьевка мектебі

3 орын

Қиззат Жалгас, 9 сынып, Мичурин мектебі

«Бас болып өнер білсең  тіпті жақсы»

1 орын

Сейткажы Жансая, 9 сынып, Ямышев мектебі

2 орын

Акшанова Ризагуль, 8 сынып, Шақат мектебі

Айгозина Қымбат, 8 сынып, Мичурин мектебі

«Білімді зерек адам болам!» – десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»

1 орын

Есен Нұрғайым, 10 сынып, Мичурин мектебі

2 орын

Шаяхметова Айгерім, 9 сынып, Черноярка мектебі

Бауржанова Гульнур, 8 сынып, Красноармейка мектебі

Ерболат Айсана, 10 сынып № 1 Чернорецк мектебі

3 орын

Камал Алмас, 5 сынып, Григорьевка  мектебі.

Машһүр Жүсіп оқуларына төрелік ететін әділқазылар құрамы:

«Қазақ тілі» қоғамының басқарма  мүшесі, ақын Джусупова Сайрангуль Гарипполовна.

С.Торайғыров ат. Павлодар Мемлекеттік университеті «Машһүртану» ғылыми  – тәжірибелік орталығының жетекшісі Анафина Найля Каткеновна.

Білім беру бөлімінің әдіскері Султангазина Айтжан Еренгаиповна.   Әділқазыларға қатысқаны үшін,  мектеп ұжымына осы іс –шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.

Білім беру бөлімінің әдіскері С. Матаева