Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ
2023 жылдың 5 сәуірінде Павлодар ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында “Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ” конкурсының қорытындысы шығарылды. Суреттер байқауы Мемлекеттік кірістер басқармасы және Павлодар ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастырумен 2023 жылғы 6-24 наурыз аралығында өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру, шығармашылық ерекшеліктерін дамыту. Қазылар алқасының құрамы Павлодар ауданының Балалар өнер мектебінің тәжірибелі педагогтері мен Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінен құрылды. Іс-шара қорытындысы бойынша жұмыстары финалға өткен балаларды сыйлық сертификаттары мен фуршет үстелі күтті.