Цифрландыру
Еліміздегі ауқымды бағдарламалардың бірі – «Цифрлық Қазақстан» жобасы.
Оның басты мақсаты – халықтың тұрмысындағы сандық экожүйенің даму үрдісін жеделдету арқылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы инфрақұрылымды дамытуға, адам капиталын жақсартуға, экономика саласын цифрландыруға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталады.
“Цифрлы Қазақстан” бағдарламасының 4 негізгі бағыты бар.
Бірінші – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру.
Екінші бағыт– экономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу.
Үшіншісі – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру.
Төртінші – IT мамандарды даярлау.
2018 жылғы 6 маусым 29 маусым аралығында Жол картасы бағдарламасы негізінде, 12 жатықтырушы 12 мектеп базасында 1000 ауыл тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыруда жұмыс жүргізуде.
Оқу бағдарламасы екі бағытта ұйымдастырылған: «Базалық цифрлық дағдылар» және «Ашық үкімет», электрондық мемлекеттік қызмет, интернет-дүкен, «Құрылым сайт» веб-портал».
Оқу соңында тындаушыларға сертификат табысталады.Тұтастай алғанда, бағдарламаның басты мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру, әрі ұлттық экономиканы цифрландыру.
Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М. Кауметова