ҚЫЗЫҚТЫ ТУРИСТІК ЭКСПЕДИЦИЯ
Тамыз айының 9 жұлдызында « Менің отаным – Қазақстан » атты облыстық оқушылар мен жастар арсындағы туристік экспедиция ұйымдастырылып өткізілді. Экспедиция Баянауыл ауданындағы Жасыбай төңірегіндегі «Баянауыл» туристтік аймағында өткізілді. Осы туристтік экспедиция Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және ЭКСПО- 2017-ге арналған болатын. Бұл экспдицияны Облыстық білім беру басқармасы мен облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы бірігіп ұйымдастырған болатын. Осы шараға 9 аудан және 3 қала мектептерінің оқушылары келіп қатысты. Павлодар ауданының намысын қорғау Шақат орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары мен олардың спорт жетекшісі Балуспеков Руслан Жұмашұлына тапсырылды. Біздің мектептен іріктелген 6 оқушы барған болатын. Бірінші күн «Таныстыру күні» болды. Оқушыларды орналастырып өткізілетін іс шараларымен таныстырып басқа аудандардан келген балалармен таныстырды. Екінші, үшінші күндері бізді Үңгіртасқа, Кемпіртасқа апарып, осы жердің тарихымен таныстырды. Кешкісін біздер ашық аспан астында өз өнерлерімізді көрсеттік. Назмутдинов Фаиздың орндаған күйіне барлық оқушылар тәнті болды. Сонымен қатар бір күн біз бір сағат көлемінде Жасыбай маңын қоқыстан тазартуға арналған сенбілік өткіздік. Осы сенбілікте біз 195 кг қоқыс жинап шығардық. Бұл біздің табиғатты қорғауға қосқан азғана үлесіміз болды. Сенбіліктен соң «Мен және менің командам» атты спорттық эстафеталық жарыстар өткізді. Эстафеталық жарыстар топтың ұйымшылдығы мен біртұтастығын тексеруге арналғандай еді. Осы жарыста біздің команда ұйымшылдығының арқасында жүлделі 2-ші орынды иеленді. Барлығымыз әрі демалып, әрі білім алып, әрі қиыншылықтардан қалай өтуге болатындығын үйреніп қайттық . Баянауыл жерінде өткізілген осы шара менің есімде мәңгілік қалмақ. Бізге осындай мүмкіндік бергендері үшін барлығына алғысымды білдіремін.
Шақат мектепішілік баспасөз орталығы
Ақшанова Ризагүл, 9 сынып оқушысы