Ұстаздар күні
Кемеңгер ауылдық
мәдениет үйінде Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік концертке педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды. Павлодар ауданы әрдайым өзінің ұстаздарын мақтан тұтады. Іс-шара шеңберінде көп жылғы, адал еңбегі және білімнің дамуына үлесін қосқан үшін ауданның 50-ден астам ұстаздары әртүрлі деңгейдегі мадақтамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Дәстүр бойынша Мұғалімдер күні ұстаздарға мерекелік концерт сыйланды.