2023 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ағымдағы жылдың 22-28 желтоқсан аралығында Павлодар ауданында 2023 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтуде.
Комиссия құрамы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерінен жасақталды.
2023 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы Павлодар ауданының 9 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында орналастырылатын болады.