7-8 сынып оқушылар арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі
20 қазан күні 7-8 сынып оқушылар арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының аудандық кезеңі Кемеңгер ЖОББМ-нің базасында өтті.
Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру.
Олимпиада математика, физика, бағдарламалау, химия, биология, география пәндері бойынша өткізілді.
Олимпиадаға 161 оқушы қатысты.Қорытындысы бойынша 20 оқушы жүлделі орынға ие болды.