Жаңартылған білім: ізденіс және тәжірибе
Жаңартылған білім: ізденіс және тәжірибе
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.
2017 жылғы 14 қараша күні Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациаляқ орталығының әдіскерлері және ауданымыздың мектептерінің ұстаздарымен бірлескен әдістемелік семинар үйымдастырылып өткізілді. Семинарға 100 астам мұғалім қатысты.
Семинар мақсаты – жаңартылған бағдарламаның ғылыми-әдістемелік негіздерін зерделеу, мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау, педагогтардың кәсіби құзырлылық деңгейін жетілдіру. Семинар барысында инновациаляқ орталығының әдіскерлері жаратылыстану пәнінен Слямова Ж.А, тарих пәнінен Аушахманова Б.Т, орыс тілінен Бейсенова К.Т, математика пәнінен Ахмедиева Л.К, физика пәнінен Еркегүл Өсенқызы жаңартылған бағдарлама талаптарына сай тиімді сабақты жоспарлау, критериялдық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен қатар, жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасын меңгерген мұғалімдерге жүйелік — әдістемелік порталға материал жүктеу, бағалау және рубрика туралы жаңартылған мазмұн жағдайында білім сапасын арттырудың басым бағыттары қозғалды.
Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі М. Кауметова