Математика пән мұғалімдердің семинары
Білім беру үдерісіне енген жаңартылған бағдарлама заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын мәселе.
Критериалды бағалау — оқушының оқу жетістігін бағалауы болып есептелінеді. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптарының бірі болып отыр. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын — ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Баланың жан-жақты ізденуін ынталандырады. Осыған байланысты 2018 жылы 21 желтоқсанда Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінде «Математика пәні бойынша бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» тақырыбы бойынша семинар-коучинг өтті. Семинар модераторы Ефремовка ЖОББМ математика пән мұғалімі К.Х. Закарьянова аудан мұғалімдеріне өз тәжиребесін ортаға салды.
Ж.Сматаева
Білім беру бөлім әдіскері