ОЖСБ-ға сапалы дайындау
Аудан беру білім бөлімі облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп 2019 жылғы 25 қаңтарда Розовка орта мектептің базасында бастауыш сынып, жаратылыстану-математикалық пән мұғалімдерге семинар өткізді. Мақсаты –оқушыларды оқу жетістіктерін сырттай бағалауға сапалы дайындау. Аталған семинарды модераторлар- инновациялық орталықтың әдіскерлері Т.Н. Жакашева, К.Т.Алимова, Н.Н.Жолдыбаева, Б.М.Солтанова, Ж.А. Слямова жүргізді. Семинар жұмысы 7 секцияда өтті және ауданның мектептерінен келген 110-нан астам педагог қатысты. Іс-шара барысында оқушылардың ОЖСБ-ға сапалы дайындық мәселесі талқыланды.
Ж.Сматаева білім беру бөлімінің әдіскері