Қазақ тілі мен әдебиет пәні олимпиадасы
Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету мен оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті бойынша білімдерін жетілдіру мақсатында «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін сәуір айының бас кезінде өткізген болатын.
Олимпиада Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде өткізілді. Бұл олимпиадаға облыс бойынша 9-11 сынып оқушыларының ішіндегі ең дарынды, білімді оқушылары жиналған еді. Павлодар ауданының намысын қорғау Шақат орта жалпы білім беру мектебінің оқушылары мен ұстаздарына тапсырылды. Жалпы олимпиада екі кезеңнен тұрған. Біріншісі- эссе жазу, екінші кезең- ауызша сұрақ-тапсырмаларға жауап беру. Оқушыларымыз өз білімдерін барынша көрсетіп қалуға тырсқандығы қорытынды бойынша белгілі болғандай. Шақат мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Искакова Айман Айтмұханқызының оқушысы Дуйсенова Маржан және Унгаров Габиден Сарыбайұлының оқушысы Тлеукина Гүлжан жүктелген тапсырманы абыроймен орындап жүлделі 3 орындарға ие болды.
Білім беру бөлімінің әдіскері Сандугаш Матаева