«ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – 2019» АУДАНДЫҚ КОНКУРСЫНДАҒЫ ТАБЫСЫ
Павлодар ауданының білім беру бөлімінің 2019 жылғы шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 04 мамырда дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізді. Конкурсқа 22 авторлық жоба ұсынылды.
Конкурстың мақсаты – педагогикалық мамандықтың беделін арттыру, мұғалімдердің инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсіби шеберліктерінің артуына ықпал ету.
Конкурстық материалдарды қорғаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы төмендегідей жеңімпаздарды анықтады:
-физика-математикалық бағытындағы пәндер бойынша (математика, физика, информатика): Ефремовка ЖОМ-ның математика пән мұғалімі Қарлығаш Хасановна Закарьянова 1 орынға ие болды
— бастауыш мектеп, мектепке дейінгі білім: Красноармейка бастауыш сынып мұғалімдері Зарина Мұратбекқызы Қисмат 2 орынға, Мақпал Қайратовна Садыкова 3 ие болды
— ғылыми-жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша (химия, биология, география, экология Заря ЖОМ-ның химия пән мұғалімі Жанна Васильевна Иманкулова 3 орынға ие болды.
— қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті): сычев НЖББМ-ның қазақ тілі пән мұғалімі Айнагүл Сайлаубайқызы Какимова 2 орын, Шақат ЖОМ-ның орыс тілі және әдебиет пән мұғалімі Балауса Рақымқызы Бегембай 3 орынға ие болды.
Жаныл Сматаева- білім беру бөлім әдіскері