Үш тұғырлы тіл — заман талабы
2019 жылдың 4 наурызда Заңғар ОМ базасында «Үш тұғырлы тіл — заман талабы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Мақсат –педагогтердің көптілділікті практикалық қолданудағы құзыреттілігін арттыру және оны оқу процесінде қолдану тиімділігі.
Семинар бағдарламасында биология пәнінің мұғалімі А. Т. Туймебаева CLIL –технологияны қолдана отырып, биология пәнінде ағылшын тілінде ашық сабақ жүргізді. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жақсы меңгеруі қазіргі талаптарға сай. Қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімі Т.Ж. Сегизаева 5 сыныпта жаңартылған білім мазмұны бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақ өткізді. Семинарға қатысушылардың пікірлері бойынша сабақтар жоғары деңгейде өтті. Ағылшын тілінің мұғалімі С.Д.Тактаулова “CLIL”әдістемесі бойынша сабақты жоспарлау тақырыбында коучинг жүргізді.
Іс-шара “Полиглот” зияткерлік ойынмен жалғасты. Розовка , Ефремовка, Луганск және Заңғар ОМ жиналған 4 команда ойынға белсенді қатысты. Бұл ойын барысында оқушылардың үш тілді меңгеруге деген қызығушылықтары мен талпыныстары.
Семинардың қонақтары білім беру басқармасының бас маманы Г.А. Жылқыбаева, білім берудің дамыту инновациялық орталығының әдіскері К.Т. Алимова сөз сөз сөйлеп өз алғыстарын білдірді.
Жаныл Сматаева
білім беру бөлім әдіскері