2019 жылдың 12 наурызында «Ямышев жалпы орта білім беру мектеп» ММ қабырғасында «Нұр Отан» партиясының бастамасы бойынша IT –кабинеті салтанатты түрде ашылды.
ІТ- кабинеттің ашылуына аудан әкімі Шугаев Жанат Рашитович, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тезекбаева Бақытжан Габдуллиновна қатысты.
IT-кабинеттің ашылуы «Рухани Жаңғыру» бағдарламаларын іске асыру шеңберінде және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Президенттің жолдауының негізінде өткізілуде. Цифрлық инновациялардың әлеуетін тиімді пайдалану біздің уақытымыздың ең негізгі міндеттеріміздің бірі болып табылады.
Кабинет ең қажетті жабдықтаулармен: 10+1 компьютерлермен, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етіліп интернет желісіне қосылған.
Бүгінгі күнде осы мектептің барлық оқушылары осы бағытта жұмыс істеуге, ғылыми-зерттеу және инженерлік-технологиялық ортаға балаларды тартуға мүмкіндік береді.
Қазырғы таңда барлық әлем цифрлық технологияларға байланысты. Бұл сөзсіз үрдіс, оның ішінде мемлекеттік деңгейде. «Санға» ауысу білім берудің әртүрлі салаларына әсер ететін процесс болып табылады. Цифрлық білім беру кеңістігі қазіргі оқушылар үшін оқытудың жағдайлары тең әлемдік білім беру ресурстарына қол жеткізу үшін тілдік кедергіні жеңуге, оқушылар мен мұғалімдердің психофизикалық сипаттамаларын ескере отырып, оқуға жеке көзқарастарды жеңуге мүмкіндік береді.
IT кабинетте мектеп оқушылармен сабақ өткізу, сондай – ақ, ауыл тұрғындары да дәріс алады деп жоспарлануда.
Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі М.Кауметова