Елбасы елімен бірге
Елбасы елімен бірге
Көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Еліміздің барлық аймақтарында Тұңғыш Президент күні аталып, мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Павлодар ауданының «Балалар өнер мектебінде» де «Елбасы елімен бірге» атты әдеби – музыкалық кеш ұйымдастырылды.
Жас өрендерге бұл мерекенің маңызы жайлы айтылып, тарихымыздың беттері ақтарылды. Балалар Президентіміздің өмір жолы мен тәуелсіздік жылдарының жетістіктері туралы слайд шоуды тамашалау арқылы хабардар болды.
Патриоттық әндер шырқалып, Елбасыға арналған өлеңдер мәнерлеп оқылды. Сахнамыздың төріне алғашқы рет шығып, «Алға Қазақстан» патриоттық әнін орындаған өреніміз Трукпенов Расулды атап өткіміз келеді. Қобыз сыныбының оқушысы Каирова Әсел вокалдан да өз өнерін көрсетіп, «Мереке» әнімен шарамызды мәреге жеткізді.