Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Өнер мектебінің педагогтардың жұмыстарының инновациялық әдістері

Өнер мектебінің педагогтардың жұмыстарының

 инновациялық әдістері
Мектепішілік жылдық  оқу-тәрбие жоспарына сәйкес 13 қаңтарда Балалар өнер  мектебінде педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес 3 бөлімнен тұрды.

1. «Педагогикалық кеңес» тақырыбы: «Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында білім беру және тәрбие процесінде жаңа технологияларды енгізу».2. Шебер сынып: «Музыкалық білімдегі ақпарат пен компьютерлік технологияның рөлі» атты тақырыбы бойынша шығармашылық шебер сағаты (мультимедиалық презентация). Концертмейстер А.Н.Абильжанова.
3. Ашық сабақтар. Фортепиано  ұстазы С.А. Применко «Музыкалық шығармамен жұмыс істеу және оның көркемдік бейнесі»  және қобыз сыныбының ұстазы  Қ.Т.Жаманшалова  «Қобыз мамандығы бойынша Қазақстан композиторларының   музыкалық шығармашылығымен жұмыс істеу әдістемесі» тақырыбында ашық сабақтар.
Күн  тәртібінде  келесі  сұрақтар  қаралды:I.                   Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік эволюция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері»  жолдауымен балалар өнер  мектебінің директоры А.Б. Каппасова таныстырды.

 

  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Курманова II тоқсанның    қорытындысы туралы ақпарат берді.
    II  тоқсанның соңында мектеп бойынша  оқушыларының саны 373 оқушы болды. Оның ішінде -87оқушы сынып,  286 оқушы үйірме бойынша оқиды.

Мектеп төрт бағыт бойынша жұмыс істейді: музыкалық, көркем-эстетикалық,

хореографиялық және вокалдық-аспаптық.
Музыкалық бағыттағы сыныптар:

Домбыра – 6 сынып

Қобыз – 2 сынып

Фортепиано – 1сынып

Гитара – 1 сынып

Вокал – 2 сынып.

20 -28 желтоқсанға дейін мектеп бағдарламасын бойынша академиялық емтихан  және техникалық сынақ тапсырылды.

  • Тәрбие ісі- жөнінде жұмысы бойынша  А.В.Дарьина  тәрбие жұмысының

есебімен  таныстырды.

Балалар өнер  мектебі ауыл, мектеп, қала, аудан мәдениет үйінде үлкен  мерекелік – концерттер  жүргізеді. Концерттік жұмыстардың әртүрлі  іс –шараларына белсене қатысып  үнемі шығармашылық ізденісте.

Жұмыста практикада мектептен тыс және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі формалары пайдаланылады: сайыстар, тақырыптық кештер, ата-аналық кездесулер, концерттер, викториналар, мектеппен бірлескен іс-шаралар.

Бұл оқу жылы (бірінші жарты жылдық) оқушыларымыз  әрдайым концерттерге  әр түрлі шығармашылық шараларға қатысты. Балалар  өнер мектебінің оқушылары өткен жылдың бірінші жарты жылдығында  5 мерекелік іс- шара өткізді, бұл алдыңғы оқу жылына қарағанда 3 есеге көп, іс-шаралардың санының артуы,  іс-шаралардың сапасын жақсарту үшін жоспарланған.

Барлық жоспарланған іс-шаралар  жұмыс жоспары бойынша белгіленген мерзімде өткізілді.