ОЖСБ-ға дайындаудың тиімді жолдары
Аудан беру білім бөлімі облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп 2019 жылғы 30 қаңтарда Луганск орта мектептің базасында қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі және тарих пән мұғалімдерге семинар өткізді. Мақсаты –оқушыларды оқу жетістіктерін сырттай бағалауға сапалы дайындау. Аталған семинарды модераторлар- инновациялық орталықтың әдіскерлері Қ.Т.Бейсенова, Б.Т.Аушахманова, З.С.Кожина жүргізді. Семинар жұмысы 4 секцияда өтті және ауданның мектептерінен келген 80-нен астам педагог қатысты. Іс-шара барысында оқушылардың ОЖСБ-ға сапалы дайындық мәселесі талқыланды.
Ж.Сматаева білім беру бөлімінің әдіскері