«ҮЗДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ» ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2021 жылғы 29 сәуір күні «Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық байқауы конкурстық материалдарының онлайн-қорғауын өткізді.
Конкурстың мақсаты әдістемелік-дидактикалық құралдарды, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы және инклюзивті білім беру педагогтерінің оқу пәндерінің бейімделген бағдарламаларын жасау бойынша үздік педагогикалық практикаларды анықтау.
Байқауға арнайы, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері қатысты. Облыс педагогтері конкурсқа оқу-әдістемелік әзірлемелерді,электрондық оқулықтарды, пәндер бойынша бағдарламаларды, дидактикалық ойындар мен жаттығуларды, тренажерларды, үйірмелер мен түзету сабақтарының бағдарламаларын ұсынды.
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында сабақтың білім беру ортасы» (сабақ, оқу сабағы, білім беру бағдарламасы) бағытта 3- орынға иеленген №2 Чернорецк ОЖББМ логопед Гульзада Большевиковна Нуржанова.
«Үздік оқу-әдістемелік құрал» облыстық конкурсының жеңімпазын құттықтаймыз!
Жаныл Сматаева- әдіскер