Жалпы мектепшілік жиналыс
№1 Чернорецк ЖОББ мектебінде жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы болды. Жиналыстың мақсаты: мектеп ережелерін сақтау , оқушылардаң бос уақытын қадағалау, әсіресе сонғы кездері кең таралып кеткен, адам өміріне зардабын тигізетін әр түрлі сайттар туралы ата-аналарға мәлімдеме жасау. Жиналыс барысында әр түрлі мәселелер қозғалды. Жиналыс соңында мектеп әкімшілігі ата -аналарға мектеп жарғысы жазылған нұсқау хат таратты. Бұл нұсқау хатта төмендегідей ережелер жазылған.
1. Мектеп Жарғысы бойынша мектепте ұялы телефон ұстауға, әсіресе смартфон, айфон, планшет қолдануға қатаң тыйым салынады
2. Оқушының бағалы заттарын немесе ұялы телефонын мектеп өз жауапкершілігіне алмайды.
3. Ата-аналар баласының бос уақытын өткізуін қадағалап, ерекше бақылауда ұстау керек. (Ғаламтордағы әр түрлі сайттарға кірмеу, ғаламтордағы ойындарды ойнамау мысалы: «Синий кит», «Тихий дом» т.б)