Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жаз – 2023

2023 жылғы 12 мамырда Павлодар ауданының білім беру бөлімі жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігінің профилактикасы, балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында аудандық семинар-кеңес өткізді. Семинар жұмысына мектеп басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, тәлімгерлер, педагогтер мен психологтер қатысты. Спикерлер жазғы кезеңде өзекті мәселелер бойынша баяндамалар дайындады.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы К. К. Тоқатов «Жазғы сауықтыру лагерлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар», Павлодар ауданы емханасының педиатр-дәрігері, мектеп медицинасының меңгерушісі С. Серебрякова «Жазғы сауықтыру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру», Павлодар ауданы ТЖБ аға инженері Ә. Букетай «Шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік», Павлодар ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Қ. Н. Сатыбаев «Жазғы кезеңдегі балалардың мінез-құлық ережелері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша барлық тілек білдірушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.