Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Павлодар ауданының оқушыларына арналған киіз үй лагері

Лагерьдің ашылуы Павлодар ауданының 95 жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Лагерьдегі 5 күннің әрқайсысы белгілі бір бағыттар бойынша жоспарланған. Мысалы: дүйсенбі – «Шабыт Fest» шығармашылық алаңы, сейсенбі – «Креативті-Fest» өнер алаңы, бейсенбі – «Eco-Fest» экологиялық алаңы және басқалары.
Лагерьде балалар қазақ, орыс және басқа халықтардың мәдениеті мен дәстүрлеріне бой алдырып, нәтижелі демалды.
Балалар үшін домбырада ойнауды, сәндік өнерді, бауырсақтарды, қазақ құртын дайындауды және т.б. оқыту бойынша шеберлік сыныптары дайындалды.
Балалар «Луганск» өндірістік кооперативіне барды. Жетекшісі П.П. Кузьменко балаларға танымдық экскурсия өткізіп, қазіргі жағдайда мал шаруашылығы өндірісін, наубайхананы қалай ұстау керектігін көрсетті.
Сондай-ақ, балалар Ефремовка ауылындағы «Туған жер» отбасылық үйіне экологиялық экскурсияға барды. Басшы Юрий Гашек отбасылық мүліктің өмір сүру принциптерімен таныстырып, сонымен қатар оқушылар ағаш отырғызуға қатысты.
Балалардың демалыс апталығын өткізуге аудан депутаттары, Павлодар ауданының Ардагерлер кеңесі, облыстың Ақпараттық технологиялар колледжінің және «Жас Дарын» мамандандырылған мектеп-лицейінің педагогтары мен балалары шақырылды.
«Балалар ауылы» киіз үй лагерінде көңілді ойындар мен конкурстарға қатысып, көптеген позитивтер алды.