Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

8-10 сынып оқушыларына арналған облыстық « Жас экорепортер» конкурсы (2023 ж)

Оқушылардың табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қатысушысының қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялық іс-шараларды өткізудің маңыздылығын түсінуіне ықпал ету, оқушылардың назарын Павлодар аймағындағы экологиялық проблемаларға аудару мақсатында «Жас экорепортер» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурсқа Богдановка, Чернорецк№2, Черноярка, Пресное, Ямышев, Заря, Маралды, Мичурин, Кеңес, Ольгинка, Ефремовка, Кемеңгер, Розовка мектептерінің 8-10 сынып оқушылары, жеке, сондай-ақ, командалық құрамда қатысты.
Ауданымыздың 13 мектебінен 8-10 сыныптардың 19 оқушысы өз бейне жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар бейне репортаждарында ауданның және облыстың түрлі экологиялық мәселелерін қозғап, өз шешімдерін ұсынуға тырысты.
І дәрежелі дипломмен Мичурин ЖОББМ 8- сынып оқушысы Мосияш Ева, Кемеңгер ЖОББМ 9- сынып оқушысы Уалиев Адлен, Ольгинка ЖОББМ 10- сынып оқышысы Погребняк Юлия, Әнел марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломға Богдановка НЖББМ 8- сынып оқушысы Гейнц Лидия, Кеңес НЖОББМ 8- сынып оқушылары Зинеденова Қатира,Аспандияр Ұлан, Кемеңгер ЖОББМ 8- сынып оқушысы Досахметова Сабина ие болды.
ІІІ дәрежелі дипломды Чернорецк №2 ЖОББМ 8- сынып оқушысы Шаль Полина, Пресное ЖОББМ 10- сынып оқушысы Чирикова Маргарита, Заря ЖОББМ 10- сынып оқушысы Казизова Айзада, Ефремовка ЖОББМ 9- сынып оқушысы Абдазова Диляра, 8- сынып оқушысы Рундэ Владимир ,Кемеңгер ЖОББМ 9- сынып оқушысы Нығметулла Аружан ие болды.
Барлық қатысушыларға білім беру бөлімінің сертификаттары беріледі.
Аудандық кезең жүлдегерлерінің бейне репортаждары облыстық байқауға жолданады.

Қатысушыларымызға сәттілік тілейік!