Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/

 

Аюпова Гульмира Балгабаевна

мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру

сектор меңгерушісі

Білім беру мекемелерінде “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының, оқу процесі мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттауға дайындау бойынша жалпы білім беретін мектептердің қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

Сектордың ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындайды.

Жоғары тұрған органдарға жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалар мен ақпараттар дайындауды жүзеге асырады.

Бөлімнің және білім беру мекемелерінің жұмысы мәселелері бойынша қорытынды талдамалық ақпарат жинауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік стандарттың орындалуына және жалпы білім беретін мектептерде ОЖСБ мен ҰБТ-ға сыртқы бақылау жүргізуді ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша статистикалық есеп жасайды.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың білім сапасын тексеруді ұйымдастырады және оның мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.

“Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру” мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес “денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау”, “білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру” мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша білім беру мекемелерінің жұмысына бақылау жүргізеді.

Жалпы білім беру ұйымдарын қатаң есептілік құжаттарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және оларды есепке алу мен беруді бақылауды жүзеге асырады.

Құзыретіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды қарайды және дайындайды.

Тәрбие жұмысы және жалпыға бірдей оқыту мәселелері бойынша ҰБДБ электрондық есептілігі бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.



Баймурзинова Алемгуль Исабековна

тәрбие жұмысы жөніндегі бас маман

Жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, оқушыларды шығармашылық қабілеттерін дамытуға тарту.

ҚР Үкіметінің нашақорлыққа, кәмелетке толмағандар арасындағы Қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қаулыларын орындау бойынша ішкі істер органдарымен өзара іс-қимыл жасау, жалпы білім беретін мектептерде, интернаттық мекемелерде АИТВ/ЖИТС алдын алу.

Балалар қылмысының мониторингін жүзеге асыру, жалпы білім беретін мектептерде кешенді және тақырыптық тексеруді ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесі бойынша білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру.

Білім беру мекемесінің ұйымдарында және қосымша білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.

Тәрбие жұмысы мәселелері бойынша ҰБДБ электрондық есептілігі бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

 

Жуматаева Айнура Базарбаевна

мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жөніндегі бас маман

 

Балаларды ауданның білім беру мекемелерінде Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі жұмысты талдайды және үйлестіреді.

Мектепалды даярлық бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын орындауын және қызмет шарттарының лицензиялық талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі білім берудің желілік көрсеткіштерін өңдеуді жүзеге асырады, осы мәселелер бойынша деректер банкін құрады, аудандағы мектепке дейінгі білім берудің жай-күйіне мониторинг жүргізеді.

Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс тәжірибесіне жаңа бағдарламаларды, инновациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Инновациялық үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын дамытуға, халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізуге жәрдемдеседі.

Мектепке дейінгі білім берудің жай-күйі мен болашағы туралы ақпарат, анықтамалар, статотчеттер ұсынады.

“Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою”, “мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау” мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа бақылау жүргізеді;

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ҰБДБ электрондық есептілігінің жұмысын қамтамасыз етеді.

________________________________________ 

Аманова Бота Кабиболлаевна

жалпыға бірдей білім беру жөніндегі бас маман

Білім беру мекемелерінде “Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының, оқу процесі мәселелері бойынша нормативтік құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалар, ақпараттар дайындауды жүзеге асырады, жоғары тұрған органдарға статистикалық есептер ұсынады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мәселелері бойынша қорытынды талдамалық ақпарат жинауды жүзеге асырады.

Мемлекеттік стандарттың орындалуын және жалпы білім беретін мектептерде ОЖСБ сыртқы бақылау мен қорытынды аттестаттауды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың білім сапасын тексеруді ұйымдастырады және оның мониторингі мен талдауын жүзеге асырады.

ҰБДБ электрондық есептілігі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында “Күнделік” электрондық күнделігін сапалы толтыру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді”.

Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ҰБДБ электрондық есептілігі бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

 

Жылқыбаева Ғалия Ануаровна

ұйымдастыру-кадр жұмысы бойынша бас маман

 

Білім беру бөлімінде кадр мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді және педагогтердің сапалы құрамы мен кәсіби деңгейін арттыруға, педагог кадрларды аттестаттауды ұйымдастыруға бақылауды жүзеге асырады.

Білім беру мекемелерінің педагогикалық кадрларының қажеттілігін зерттейді.

Мектепке дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдардың педагогикалық кадрлармен және мамандармен қамтамасыз етілуінің сапалық және сандық жай-күйін талдайды.

Білім бөлімі қызметкерлерінің және білім беру мекемелері басшыларының жеке құрамының есебін жүргізеді. Кадрлар бойынша деректер банкін қалыптастырады.

Жас мамандармен жұмысты үйлестіреді, білім беру мекемелерінде жас мамандарды бөлу және жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс жүргізеді, заңнамаға сәйкес толық жүктемені қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді.

Білім беру мекемелерінде іс жүргізуді бақылау. Директорлардың оқу работе жөніндегі орынбасарлары мен мектеп іс жүргізушілері үшін кадрлар мәселелері бойынша семинарлар өткізеді.

Бөлім қызметкерлерінің еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.

Ай сайын жұмыс уақытының кестелік есебін жасайды және жүргізеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді:

“педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) тәртібі”.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін ЕУОЛ базасында тіркеу, сенім телефоны арқылы, сондай-ақ қарым-қатынас жәшігіне түскен өтініштер бойынша жұмыс жүргізеді.

Кадрлар мәселелері бойынша ҰБДҚ электрондық есептілігі бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.

 

Кабылденова Айханым Айткалымовна

қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маман

 

 

Білім беру мекемелерінің ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асырады. Елді мекендердің шағын аудандары бойынша балалар құқықтарының сақталуына және балалар құқықтарының қорғалуына бақылауды жүзеге асырады. Жалпы білім беретін мектептердегі бала құқығын қорғау жөніндегі әлеуметтік педагогтардың, қоғамдық инспекторлардың жұмысына Мониторинг жүргізу. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау бойынша мектептердің жұмысын ұйымдастыруға көмек көрсетеді және бақылауды жүзеге асырады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді анықтау және республикалық деректер банкін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды және орналастыруды, қамқорлыққа алынғандардың тәрбиесі мен оқытылуына, қорғаншылар мен қамқоршылар міндеттерінің орындалуына, мүлкінің сақталуына бақылау жүргізеді. Қорғаншылар мен қамқоршыларды бала тәрбиесінен шеттету бойынша құжаттар дайындайды. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша білім басқармасымен және басқа да мүдделі ведомстволармен байланысты жүзеге асырады; Психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссиямен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйтұрмыстық жағдайларын тексеру бойынша аудан мектептерінің әлеуметтік педагогтарымен байланысты жүзеге асыру Жетекшілік ететін мәселелері бойынша статистикалық есептілік жасайды; Бала асырап алу, әке/ана болуды анықтау рәсімдеріне мониторингті жүзеге асырады Бала құқығын қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді: 1) қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру. 2) жетім балаға (жетім балаларға) және атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу жатады. 3) қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау жатады. 4) баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау жатады. 5) жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау жатады. 6)”он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншы және қамқоршы органның шешімін беру” 7) бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою. 8)”кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру”. 9)”баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау”. 10)”балаға теріс әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру”. Құзыретіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және оларға жауап дайындайды.

image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image