Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Аймақаралық Шахимардан Әбілов атындағы сыйлық сайысы

 Павлодар өңірінің атын шығарып келе жатқан дарынды тұлғалар бізде көп. Соның бірі – Шарбақты ауданының  тумасы Әбілов Шахимардан Қайдарұлы. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі.  

Шахимардан Қайдарұлының бастамасымен  ауданда жыл сайын аймақтық вокалистер сайысы өтеді. Бұл сайыс – жас өрендерге жол ашып,өз таланттарын сынауға, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Жыл сайын сайысқа өз бағын сынауға біздің де өнер мектебінен оқушылар атсалысып келеді. Сайыс 7-17 жас аралығы  категориясында,үш бағытта өткізілді: академиялық, эстрадалық, вокалдық ансамбль. 

Академиялық вокал аталымында сегіз қатысушының арасында  «өнерлінің өрісі кең» демекші, домбыра сыныбының оқушысы Каппасов Балтабек  сахнада  өзін  еркін ұстап, адамның жанын баурап алар даусымен, Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» пен Жаяу Мұса Байжанұлының «Ақ сиса»  әндерін орындап, көрермендердің көңілінен шыға білді.

Қазылар алқасы әділ баға беріп, нәтижесінде оқушымыз бас жүлдеге ие болып, Шахимардан Әбіловтың арнайы сыйлығы мен  диплом және кубокпен марапатталды. Балтабектің  әрі музыкалық жетекшісі, әрі анасы Әсем Бекенқызын да елеусіз қалдырмай, аймақтық вокал сайысына лауреатты дайындағаны үшін алғыс хатпен марапаттады.

 Ұлы өнер жолында шың белестерді  бағындырып, үлкен сахналарда қазақтың қасиетті домбырасын күмбірлетіп, әнін шарықтатып, халықтың ықыласына бөленсе екен деп армандайды анасы.

Балтабек өз өнерінің жемісін осы жылы түрлі сайыстарда көрсетіп жүр. Атап айтсақ, Алматыдағы Рауан фестиваль сайысынан  музыкалық аспап,домбыра аталымында өзінің алғашқы бас жүлдесін иеленді.  Вокал және домбыра саласын қатар алып жүрген  шәкіртіміз, болашақта тек биіктерден көріне берсін  деген тілек білдіреміз.

                                                           Балалар өнер мектебі әкімшілігі,

Павлодар ауданы,Красноармейка ауылы