Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Павлодар ауданының білім беру бөлімі

Сенiм телефоны: 8 (7182) 61-94-03
Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 22
8 (7182) 61-94-80
pvroo_2021@mail.kz
metodkabinet_2011@mail.kz
instagram.com/bilimberu/
image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі

2023 жылғы 09 қазан күні Ямышев жалпы орта білім беру мектебінің базасында 8-11 сынып оқушыларына арналған шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» республикалық өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауда шығармашылық қабілетін, өлең жазуын, тапқырлық қырын, дарынын танытуға қолдау көрсетіп, ары қарай дамуына жол ашу.
Қорытындысы:
«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша ІІІ орынды №1 Чернорецк ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы Амантай Айханым, ІІ орынды Ефремовка ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Ахметова Жансая және І орынды Ямышев ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы Таңжарыққызы Іңкәр иеленді.
«Көркем сөз оқу» номинациясы бойынша ІІ орынға Сычевка НЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Сергеева Виктория, Кеңес НЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Серикпаева Аружан, Мичурин ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Тауыпалды Томирис, ІІ орынға Ямышев ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы Харақожа Ерасыл, Шақат ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Каирбекова Аяжан, І орынға Заңғар ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Жұмабек Мадина ие болды.
«Эссе жазу» номинациясы бойынша ІІІ орынды Луганск ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Тағаймұрат Назым, Ефремовка ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Сапарбек Әсел, №1 Чернорецк ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Ерболат Айсұлу, ІІ орынды №2 Чернорецк ЖОББ мектебінің 9-сынып оқушысы Абильдаев Самғат, Ямышев ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы Мұхтарова Аяулым, І орынды Заря ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы Жания Сымбат иеленді.
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша ІІІ орынға Заря ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Бахтыбай Сұлтанғали, Жаңа қала НЖББ мектебінің 9-сынып оқушысы Масгудова Камила, ІІ орынға Кемеңгер ЖОББ мектебінің 8-сынып оқушысы Болат Еркежан және І орынға Шақат ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Искакова Аружан ие болды.
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясында І орынға Шақат ЖОББ мектебінің 11-сынып оқушысы Мұрат Дина ие болды.
Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!