Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы
«Абай әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Данышпан Абайдың ұлылығы мен ерекшелігі, табандылық пен мақсаттылықты дәріптей және оның өз ұлтының санасына енгізе отырып, ұлттық рухты бұрын-соңды болмаған биіктікке көтере алды. Біз Абайдың бойынан табылатын тұлғаға лайықты, мақтан тұтатын рухани тірегіміздің барына алғыс айтуымыз керек. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу халықтың тарихи санасына сіңіру және еліміздің рухани мәдениетін жаһандық форматта ілгерілетуге бағытталған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған ақын шығармаларын мәнерлеп оқу, ақын туралы мәліметтерге тоқталып, сахналық көріністерді тамашалап, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, өнегелі болуға тәрбиелеу мақсатында 5-6 сыныптар арасында мектеп кітапханашы Мапитова А.К. сынып жетекшілерімен (Сембина Г.С., Баизбаева Г.А.) ашық сынып сағатын өткізді.
Абай Құнанбайұлы 175 жылдығына байланысты оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, қара сөздерін жатқа айтып, поэмаларын нақышына келтіре оқып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Баизбаева Г.А.