«Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспары

 

Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Достық  ауылы, Достық негізгі жалпы білім беру мектебінің

Аға тәлімгері Казиева Дамет Жанабековна

 Достық орта жалпы білім беру мектебінің «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.

 2020-2021 оқу жылы

 

 «Жас Ұлан» балалар ұйымының 2020-2021оқу жылына онлайн режиміне арналған жұмыс жоспары

 МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты:

    ­Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарыхына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қарт адамдарға қол үшін беріп көмек көрсету.

«Жас Ұлан» ұйымының міндеттері:

Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру; балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру:

  • танымдық жұмыстарды ынталандыру;
  • балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау;
  • жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастурушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАЛАРЫ

 «Жас Ұлан» ұйымының атқаратын қызметі:

  • тәрбиелік;
  • танымдық;
  • коммуникативтік;
  • әлеуметтік;
  • ақпараттық;
  • Шығармашылық.

«Жас Ұлан» ұйымының қызмет қағидалары:

  • азаматтық сана-сезім және жалпы адами құндылықтардың басымдылығы;
  • еріктілік және қол жетімділік;
  • ұрпақтар сабақтастығы мен «Жас Ұлан»ұйымының дәстүрлерін сақтау;
  • ұйымның негізгі мақсаты мен міндетін жүзеге асырудағы ересектер мен балалардың бірлігі;
  • қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.

«Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жұмыс жоспары

                           2020-2021 оқу жылы

 

Іс-шаралар

тақырыбы

Мақсаты

Түрі

Мерзімі

Жауаптылар

1 Ұйымға кіретін оқушылардың жаңа тізімін жасау Оқушыларға «Жас Ұлан» ұйымы туралы түсінік беру, жаңа тізім шығару Қыркүйек
2 «Жас Ұлан» ұйымының отырысы

Міндеттерін оқыту

Қоғамдық тапсырмаларын бекіту

Әр сынып топ басшыларының отырысын өткізіп, топ басшыларының тізімін алу. Топ басшыларының міндеттерімен таныстыру Сайлау қыркүйек
3 «1 қыркүйек – Білім күні»

Мектеп директорының құттықтауы

Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну  білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі  азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. 1- 9 сыныптар Онлайн Қыркүйек Тәлімгер

ДТЖО

4 «Жас Ұлан» ұйымының отырысы

Міндеттерін оқыту

Қоғамдық тапсырмаларын бекіту

Әр сынып топ басшыларының отырысын өткізіп, топ басшыларының тізімін алу. Топ басшыларының міндеттерімен таныстыру Сайлау Қыркүйек Тәлімгер
5 «Ана тілім- ата – бабам мұрасы» тақырыбында слайд жасау және қабырға газеттерін шығару.

5-9 сыныптар

Тілге деген сүйіспеншілікке, тілді құрметтеп қадірлеуге, тілге деген құрмет барлығымыздың бойымызда болуымыз қажет екенін айту керек. Онлайн

 

Қыркүйек Тәлімгер:

 

6 «Аталар сөзі – тәрбие көзі» пікірталас

7-9 сыныптар

Оқушыларға қария адамдарды сыйлауға, оларға қамқор жасауға, ренжітпеуге тәрбиелеу. Онлайн Қазан Тәлімгер
7 «Ұлылықтың басында – Ұстаз тұрар» құттықтау видеоролик шығару

1-9 сыныптар

Оқушыларға ұстаздарды құрметтеуге, сыйлауға, түсіне білу, бағалауға үйрету, ұстаз мамандығының қыр-сырларын түсіндіру Онлайн Қазан Тәлімгер
8 «Күз» тақырыбына көрме 2-4 сыныптар Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, еңбекті бағалауға, еңбек етуге үйрету Онлайн Қазан Тәлімгер
9 Топтардың ұрандарын, саптық әндерін тексеру «Жас Ұлан» ұйымының әнін, туын, ұранын, антын қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу Онлайн Қараша Тәлімгер
10 «Мен тазалық пен тәртіп үшін» пікірталас Оқушыларды мектеп мүлкін ұқыпты пайдаланып, таза ұстауға, мектеп ережелерін сақтауға және оны орындауға үйрету. Онлайн Қараша Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

11 Тұңғыш  Президент күніне құттықтау

5-9 сыныптар

Оқушыларды Отанды сүюге, Президентті сүюге, қазақ елдің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу Онлайн  Қараша Тәлімгер
12 Президент күні аясында «Менің тұңғыш Президентім»

3-4 сыныптар

Оқушыларды Отанды сүюге, Президентті сүюге, қазақ елдің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу Онлайн көрме Қараша Тәлімгер
13  «СПИД –ХХI ғасыр індеті» атты стенд жасау

8 сынып

Оқушыларға СПИД туралы мағлұмат беру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу Көрме Желтоқсан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

14 «Менің туым, Отан туым»

5 сынып

 

 

Отан сүйгіштікке, өз елін, жерін қорғай білуге, ел рәміздеріне құрметке тәрбиелеу. Сурет көрмесі Желтоқсан Тәлімгер

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі

15 16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Менің туым» атты құттықтау

8-9сынып

Жас ұрпақты Отанды сүюге, өз елінің рәміздерімен таныстыру, оны қастерлеуге, туған жерін, Атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға, ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу. Достық, адамгершілік пен қайырымдылыққа баулу. Бейнеролик Желтоқсан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

16 16 желтоқсан ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай «Жас қыран»,  «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау

2-5 сыныптар

Оқушыларды салтанатты түрде ұйымға қабылдай отырып, Қазақстан  мемлекетінің дарынды, қайратты, білімді азаматы болуға тәрбиелеу

 

 

 

Салтанатты жиын Желтоқсан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

17

 

 

 

 

«Жарқыра Жаңа жыл!!!» құттықтау

8 сынып

Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салуды үйрету. Видеоролик Желтоқсан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

18 Топтардың ұрандарын, саптық әндерін тексеру

5-9 сыныптар

«Жас Ұлан» ұйымының әнін, туын, ұранын, антын қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу Онлайн Қаңтар Тәлімгер

Ұлан» ұйымының белсенділері

19 «Құстарды қорғайық» акциясы

5-9 сыныптар

Туған өлке табиғатына, табиғат заттарына, құстарға деген сүйіспеншілігін арттыру. Құстарға қорап жасау Қаңтар Тәлімгер

Сынып жетекші

20 «Қазақстандағы есте қаларлық оқиғалар…»

8- сынып

Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Әңгімелесу Қаңтар Тәлімгер

Ұлан» ұйымының белсенділері

21 «Мен және менің құқықтарым»

9-сынып

Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру. Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру. Заңдарды сыйлап, өз құқығын қорғауға тәрбиелеу.

 

Дискуссия Қаңтар Тәлімгер

Ұлан» ұйымының белсенділері

22 «Біз жол жүру белгілерін жақсы білеміз»

5-сынып

Оқушылардың жол белгілері, олардың атаулары мен мақсаттары туралы білімдерін бекіту. Балаларды жол белгілеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табуға үйрету. Оқушылардың жол ережелері, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ой-өрісін кеңейту. Алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше қолдана білуге тәрбиелеу. Викторина Қаңтар Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

23 «Жақсылық жаса» акциясы аясында балалар ата-аналар мен үлкендерге көмектесті

6-сынып

Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Жақсылықтың адам өміріндегі мәні және жақсылық жасаудың қуаныш әкелетіндігін сезіндіру.

 

Акция Ақпан Тәлімгер

Сынып жетекші

24 Ауылымыздан шыққан «Ауған соғысының ардагерімен – Е.Ғ. Шахмановпен» Zoom платформасы арқылы кездесу

7-9 сыныптар

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Zoom арқылы кездесу

 

Ақпан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

25 «Ауған соғысының ардагерлеріне» құттықтау арнау

8-9 сыныптар

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу. Құттықтау бейнеролигі Ақпан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

26 Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққан күнге байланысты сурет көрмесі Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Көрме Ақпан Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

27 1-Наурыз «Алғыс айту» күніне құттықтау плакат Балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.  Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру. Плакат жасау Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
28 1-Наурыз «Алғыс айту» күніне орай медициналық қызметкерлерге «Алғыс білдіру» челленджіне қатысуы Медицина қызметкерлерге ризашылық мен алғысын білдіру. Челлендж Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
29 «Мен саған бүкіл әлемді сыйлаймын» Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Мектеп қыздарына құттықтау бейнеролигін ұсыну Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
30 «Ертегілер кейіпкерлерін ермексаздан және түрлі түсті қағаздан жасау»  Оқушылар ермексазбен жұмыс істеуді меңгергеннен кейін Наурыз мерекесіне қарсы ермексаздан және түрлі-түсті қағаздан ертегілердің кейіпкерлерін жасау.  

Көрме

Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
31 «Жақсылық жаса» акциясына қатысу Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Жастарға үлкендерді сыйлау, түсіндіру, мейірімділік пен қамқоршы болуға шақыру, дұрыс өмірлік ұстанымдарға  бағыттау, жалғыс тұратын қарт адамдарға көмек көрсету. Көмек көрсету Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
32 «Менің күнім» Оқушылар көктемгі демалыс кезінде бос уақытын тиімді өткізу Жоспар Наурыз Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
33 «Қош келдіңдер, қанатты достар!» Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, оларға қамқор болуға, құстарды аялай білуге, күте білуге тәрбиелеу Сурет көрмесі Сәуір Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
34 «Павлодар ауданының құстары» Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, оларға қамқор болуға, құстарды аялай білуге, күте білуге тәрбиелеу Бейнеролик дайындау Сәуір Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
35 «Біз есірткісіз өмір үшін!» Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты  өмір   сүруге тәрбиелеу.  Нашақорлықтың алдын алу.

 

Танымдық сабақ, бейнеролик Сәуір Тәлімгер, Жас Ұлан белсенділері
36 «Халықтар достастығы» 1-мамыр бірлік күні Қазақстандағы көп ұлт өкілдерінің татулығын, достығын, бірлігін көрсету Челлендж Сәуір Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

37 «Жас Ұлан» ұйымының отырысы «Жас Ұлан» ұйымының жыл бойы атқарған іс-шараларын талдап, жақсы жұмыс жасаған оқушыларды мектеп директорының мақтау қағазына ұсыну Мамыр Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

38 9- мамыр Жеңіс күніне орай «Ерлік – елдік қорғаны» атты  салтанатты жиын  Оқушыларды Отанын, жерін, елін сүюге, намыстылыққа, батылдыққа тәрбиелеу Бейнеролик көрсету Мамыр Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

39 «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» Сынып сағаты Мамыр Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

40 «Қош бол, ұстаз, алтын ұя мектебім» атты Аттестат алу кеші Маусым Тәлімгер

«Жас Ұлан» ұйымының белсенділері

41 Ұйым басшысының жылдық есебі Жыл бойы атқарылған жұмысының есебін беру Жиналыс Маусым Тәлімгер:

Казиева Д.Ж

 

 

 

 

image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image