image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты Павлодар ауданының Тұрғындары, Ұстаздары мен Оқушылары!

Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің ұжымы Сіздерді 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесімен құттықтайды!

Тәуелсіз еліміз жан-жақты дамыған, гүлденген,  өркендеген, тұрғындары табысты, жастары білімді әділетті қоғамды нығайтуға бағыт алып отыр. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан» бағдарын негізге ала отырып, аса маңызды әлеуметтік және саяси өзгерістерге жол ашуда. Біз бекем бірлігімізбен, табысты тірлігімізбен, қоғамдық тұрғыда аса жоғары зияткерлік санамызбен, өнерлі де білімді ұрпағымызбен алға қойылған мақсат-міндеттерге жете алатынымызға сенімдіміз.

Жаңашылдыққа бет алған жаңа Қазақстанның келбетін қалыптастыру жолында біздің ұжым – Павлодар ауданы Балалар мектебі де өзінің зор үлесін қосуда. Еліміздің жарқын болашағын алға бастыратын бүгінгі жас жеткіншектерді өнерлі, білімді етіп тәрбиелеу мен оқыту жолында өнер мектебі сапалы қызмет көрсетіп келеді. Біз қосымша білім беру саласында өзімізге берілген барлық мүмкіндіктерді, жасалған қолайлы жағдайларды пайдалана отырып, еңбек етудеміз.

Егемен еліміздің жарқын да бейбіт қоғамды дамытып, әлемдік биік деңгейге бетбұрысы бүгінгі ұрпақты зор сенімге жетелеп отыр. Сол сеніміміз барынша нығая берсін, Қазақстан қарыштап дамып, гүлдене түссін!

Мерекелеріңіз құтты болсын!