image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Бар жақсылық – балаларға!

Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің базасында балғындарға тамаша һәм тартымды көңіл-күй, жағымды әуен сыйлаған шығармашылық кеш болып өтті.

«Жарқыра, жайна, Жас Өркен!» деп аталған  игі шара елімізде бекітілген биылғы Балалар жылы аясында жүзеге асты. Өнердің шыңына талпындырған кешке мектепалды даярлық топтары мен 1 сыныптың балалары жұмылдырылды. Әрине, әсем де ақжарқын қалыпта өрілген осы кештің құрметті қонағы ретінде ата-аналар да тыс қалған жоқ.

Жас өскіндерді өнер мен әсемдікке баулу, оларға балғын кезінен жол ашып, қабілетін ұштау – Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің негізгі мақсаты. Осы мақсаттың тұрғысында мұндай шаралардың шәкірттерге мәнді де мазмұнды пайдасы мол екенін көрсетіп отыр.

Даярлық және 1-сыныптардың балалары ерекше өнер ұсынып, жұртшылықтың ризашылығын иеленді әрі болашақ биіктерге қарай сенімді қадам жасады. Ұтымды ұйымдастырылған осы шараға атсалысып, қолдау білдірген Павлодар аудандық білім бөліміне, мектептердің ұжымдары мен ұстаздарына, ата-аналарға алғыс білдіреміз! Өнерлінің өрісі кең!