image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Желтоқсан қаһармандары мәңгі есімізде!

Мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік күніне орай Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің Заря ауылындағы «Домбырада ән айту» сыныбында 15—желтоқсан күні ашық сабақ болып өтті.
Ашық сабақты ұйымдастырып өткізген сыныптың жетекшісі— Инабат Сәрсенбайқызы Ховдабай.
Сабақ барысында еліміздің Тәуелсіздік алуына түрткі болған 1986 жылғы «Желтоқсан оқиғасы» туралы әңгіме қозғалды. Желтоқсан оқиғасында ел намысы үшін құрбан болған жастардың ерлігі паш етілді. Сонымен бірге, осы тарихи оқиғаға арналған музыкалық шығармалар орындалды.