Ата – аналар жиналысы өтті
Мектеп жұмысының жоспарына сәйкес 2019 жылдың 29 наурызы күні өнер мектебінде кезекті ата-аналар жиналысы өткізілді. Оқу ісінің меңгерушісі Динара Ғаббасова ІІІ тоқсанда сыныптарда техникалық сынақтар және академиялық емтихандардың қорытындысы жайлы және ата-аналар төлемі мәселесін көтерді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Зейнул-Кабиден Кабдрахманов «Қазақ халқының музыкалық фольклоры» атты тақырыпта баяндама оқыды. Қазақ халқының бала тәрбиесінде музыка маңызды рөль атқаратыны, қазақ фольклорының аңыз-әңгімелерінде ән – рухани қазынаның бірі екені жеткізілді.
Мектеп басшысы Әсем Каппасова жас жеткіншектерді өнер жолында қолдап отырғаны үшін ата-аналарға алғысын білдірді.