image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Деңгейлік сынақ биік шыңға талпындырады

Қазақтың тарихында Ұлттық аспап – домбырада виртуозды тұрғыда ойнаған, өз шеберлігімен көпшіліктің назарын аударып, ықыласына бөленген майталман тұлғалар аз емес. Қос ішектен сиқырлы үн тудырған шеберлердің керемет тәжірибесін үйренсем деген арман әр шәкірттің санасында жатыр. Ал ондай биік деңгейге жету оңай емес. Ол үшін үлкен мектеп, терең дайындық пен машық керек.

Міне, осындай деңгейге жету мүмкіндігін Павлодар ауданы Балалар өнер мектебі ұсынып келеді. Мұнда Домбыра аспабын меңгерту бойынша кәсіби тұрғыда жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі күні ұлттық аспапты меңгеруге, шеберліктің биік шыңына жетуге талпынған жеткіншектердің қызығушылығы аса жоғары. Жаңа оқу жылының артта қалған екі айында талапты оқушылар домбырада ойнаудың сан қырлы бағыттарын үйренуге құлшыныс жасады. Бұл ретте кәсіби мамандар аспапта ойнаудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгертуге күш салды. Енді осы уақытта үйренген шеберлік деңгейін бір тексеріп, бағамдап алу қажеттігі туындап отыр. Осыған орай, осы аптада Павлодар ауданы Балалар өнер мектебіндегі Домбыра аспабын меңгеру үйірмесінде балалар техникалық сынақ тапсыруды бастап кетті.

Техникалық сынақта шәкірттер домбыра аспабында ойнаудың өздері үйренген бағыттары бойынша деңгейлік тапсырмалапрды орындайды. Сынақ барысында балаларға кәсіби тұрғыда бағыт-бағдар беріліп, олардың кем-кетіктері мен көңіл бөлерлік тұстары туралы ақыл-кеңестер беріледі. 

Шәкірттерге сәттілік тілейміз!