image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

«Домбырада ән айту» сыныбы жеткіншектер арасында зор қызығушылыққа ие

Павлодар ауданы Балалар өнер мектебі жанындағы «Домбырада ән айту» сыныбы жеткіншектер арасында зор қызығушылыққа ие.
Аспаптың сүйемелдеуімен ән салу ерекше талап пен талантты, терең дайындықты қажет етеді. Ал талаптының жолын ашып, дайындыққа жетелейтін өнер мектебінің мамандары қазіргі уақытта көптеген баланың дарынын ұштауда. Домбыра мақамын дұрыс келтіріп, әннің ырғағын талғаммен әуелетіп, шығарманы шебер орындап шығу — үлкен еңбек. Осындай деңгейге жету мақсаты біздің Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінде жүзеге асады.