image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіндегі жетістік

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі болып өтті. Осы конкурстың облыстық кезеңінде Павлодар ауданы Балалар өнер мектебі жанындағы «Робототехника» үйірмесінің шәкірті Архат Нурушев жүлделі III орынға ие болды. Достық ауылы мектебінің 8-сыныбында білім алатын Архат конкурсқа өзінің «Робототехниканегіздері» жобалық жұмысын ұсынды. Қазылар алқасы оның жобасын озықтардың қатарынан таныды. Айта кетелік, «Робототехника» үйірмесі Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің жанынан биылғы оқу жылында ашылды. Аз уақытта осындай нәтиже көрсеткен шәкіртті және жетекші мұғалімі Айбек Камильді құттықтап, табыс тілейміз!