Мәдина – Гран-При иегері!
Биыл елімізде алғаш рет «Universal Stars Music Festival» атты Халықаралық вокалды-аспапты конкурс ұйымдастырылды. «ASTANA STARS» Халықаралық фестиваль қозғалысы ұйымдастырған бәсі биік бұл шараға Астана қаласы Мәдениет басқармасы қолдау көрсетті.
АҚШ пен Қазақстан мемлекеттері бірлесіп жолға қойған осы конкурсқа Ертістің Павлодар өңірінің намысын қорғап, жас талант Мәдина Ғапур да қатысты.
Павлодар ауданы Балалар өнер мектебіндегі «Домбыра» сыныбының шәкірті Мәдина осы конукурста ерекше өнерімен көпшілікті тәнті етті. Ол 11-13 жас аралығындағы қатысушылардың тобында үздік шығып, Гран-Приді иеленді!
Өнер мектебіміздің шәкіртін және жетекшісін үздік жетістігімен құттықтап, бұдан да жоғары табыстар тілейміз!