image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР — КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫҢ БІРЕГЕЙ ТҮРІ

Павлодар ауданы білім беру бөлімінің Кемеңгер ауылында орналасқан Балалар өнер мектебінің ұйымдастыруымен, «Сәндік-қолданбалы өнер — көркем шығармашылықтың бірегей түрі» тақырыбында  аудандық тәжірибелік семинар өткізілді. Шараға Павлодар аудандық білім беру бөлімі қолдау көрсетті.

Семинардың басты мақсаты:

Білім беру мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әртүрлі техникалық әдіс-тәсілдердін қолданудың тиімділігін арттыру. Сәндік-шығармашылық өнерді дамытуда педагогтердың біліктілігін, іскерлігін, дағдыларын дамыту, кәсіби маңызды қасиеттерін қолдау және жетілдіру.

Жалпы семинарға Балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогтары  Самошкина Людмила Николаевна — «Мастерская чудес» үйірмесінің жетекшісі (Кемеңгер ауылы), Фейст Валентина Викторовна – «Сундучок подделок» үйірмесінің жетекшісі (Багданов ауылы), Бычковская Евгения Васильевна –«Чудесная мастерская» үйірмесінің жетекшісі (Кемеңгер ауылы), Тулеутемирова Алина Азаматовна – «Ұлттық қолөнер»  үйірмесінің  жетекшісі (Заңғар ауылы), Зельман Марина Евгеньевна — «Арт-дизайн» үйірмесінің жетекшісі (Кемеңгер ауылы), Белозуб Татьяна Михайловна «Шитье кукл» үйірмесінің жетекішіс (Черноярка ауылы), Ткачева Татьяна Владимировна –«Мир волшебной бумаги» үйірмесінің жетекшісі (Кемеңгер ауылы) аталған педагогтердің барлығы баяндама  оқып, тәжірбиелерімен бөлісті.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар: Садыгазина Мархаббат Сәрсенбайқызы-Ұлттық қол өнерін дәріптеу шебері, жеке кәсіпкер; Пашко Ольга Витальевна — Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы директорының орынбасары, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі; Кононенко Валентина Васильевна — Богдановка ауылының киіз бұйымдарының шебер-қолөнершісі. Қонақтарымыз әртүрлі тақырыптар бойынша маңызды және мазмұнды дәріс оқып, шеберлік сабағында өз тәжірибелерін көрсетті.

Семинар аясында Балалар өнер мектебінің оқушылары дайындаған сәндік-қолданбалы өнер және бейнелеу өнері туындыларының арнайы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.Шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, концерттік бағдарлама тарту етілді.