image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Технология тілін меңгертеміз

Әлемдегі бәсекелестіктің биік шыңы – технологияның тілін меңгеріп, осы бағытта жаңаша дамуды жолға қою. Осы күні адам баласының қолынан келмейтін түйін жоқ. Күнделікті өмірімізге еніп жатқан ғылыми және тұрмыстық игіліктегі технологиялардың барлығы адамның асқақ ақыл-ойымен, дарын-қабілетімен жасалған. Ал мұндай өрелі деңгей – тек мол ізденістегі еңбекпен, зор зейін-зердемен ғана мүмкін болатын табыс. Әлбетте, бұған бала жастан ден қойып, қабілетті барынша дамыту керек. Міне, біздің балаларымыздың технологияға маңыз беріп, түрлі құрастырушылық ынтасын арттыру мақсатында Павлодар ауданының Балалар өнер мектебі «Лего-құрастыру» үйірмесін мықтап қолға алған.

Бойдағы таланттың дамуына түрткі болуды көздейтін өнер мектебі жанындағы осы үйірмені балалар ерекше жақсы көреді. Қазірдің өзінде баланың ақыл-ойымен, шебер қолымен жасалған жобаларымыз сан алуан.

Қазір осы үйірмеде ауданға қарасты мектептердің шәкірттері құрастырушылық машықтарын дамытуда. Жеткіншектердің ынта-ықыласына қарап-ақ алдағы уақытта зор жетістіктерге аяқ артып, еліміздің технологиялық тұрғыда дамуына үлес әкелінетінін аңғарамыз.

Құрметті жас талап! Сізді Павлодар ауданының Өнер мектебі «Лего-құрастыру» үйірмесінде күтеді!