Тәуелсіздік күніне тамаша тарту!
Ағымдағы жылдың 28-қарашасы мен 6-желтоқсаны аралығында Ә.Марғұлан атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті мен Өнер және спорт жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Көркем еңбек, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша мәні зор байқау өтті. Бәсекеге жалпы орта білім беру мектептерінің 7-11 сынып оқушылары, колледждің және Университеттің студенттері қатысты. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орайластырылған байқауда қатысушылар БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР бағытында өзара бақ сынады.
Үміткерлердің өтініштері мен жұмыстары 6-желтоқсанға дейін қабылданып, қазылардың қортындысы 8-желтоқсанда шығарылды. «Бейнелеу өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Мүсін өнері» аталымдарына түскен жұмыстардың жеңімпаздары 9-желтоқсан күні салтанатты шарада жария етіліп, марапаттау рәсімі өткізілді. Міне, «МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНЫМ» аталған осы байқауда Павлодар ауданы өнер мектебінің шәкірттері де биік тұғырдан көрініп, жүлделерге ие болды. Атап айтсақ, Богданов ауылынан «Сундучок подделок» үйірмесінің шәкірті, 7-сынып оқушысы Снежанна Руди (жетекшісі Валентина Фейст), Ефремовка ауылынан «Шебердің қолы ортақ» үйірмесінің шәкірттері — 7 «а» сыныбының оқушысы Таир Данияр, 8 «а» сыныбының оқушысы Диляра Абдазова, 9 «а» сыныбының оқушысы Дәлелхан Данияр (жетекшілері Нұға Октябрь), Черноярка ауылынан «Қуыршақ тігу» үйірмесінің шәкірті, 8 сынып оқушысы Эвелина Варкентин (жетекшісі Татьяна Белозуб), Заңғар ауылынан «Ұлттық қолөнер» үйірмесінің шәкірті, 7-сынып оқушысы Жансая Болат (жетекшісі Алина Тулеутемирова) байқаудың сертификаттарын иеленді. Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің шәкірттері мен жетекшілерін мемлекеттік мереке — Тәуелсіздік Күні қарсаңындағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
Табысты бола беріңіздер!