Фортепиано техникасындағы көркем бейне
Балалар өнер мектебінде 12 желтоқсан күні мектепішілік жоспарға сәйкес фортепиано сыныбының ұстазы С.А.Применко «Музыкалық шығарма мен оның көркем бейнесі бойынша жұмыс» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Сабақ 2 сынып оқушылары Асқарова Фатима мен Рахымқали Айымжанның қатысуымен өтті.
Бұл сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Сабақтың мақсаты: музыкалық шығарманың көркем бейнесін түсінуге және сезінуге үйрену, тәрбиеленушілерді өнер әлеміне баулу.
Міндеттер:
- Көркемдік талаптарын дамыту, шығармашылыққа баулу, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, саналы қабылдау.
- Шығармашылық ойлау қабілеті дағдыларын баулу.
- Сахна этикасын үйрену.
- Ұжымдық іс-әрекет тәжірибесін баулу. (ансамбльдегі ойындар).
- Музыкалық сауаттылықты тәрбиелеу.Өнерге қызығушылықты дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Ұстаз С.А. Применко сабағында түрлі көрнекі құралдарды, сонымен қатар видео-материалдарды қолданды. Ұстаз сабақ үрдісінде оқушылармен сұхбат жүргізе отырып, оларға өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді. Сабақ нәтижелі, жоғары шығармашылық деңгейде өтті.