image
Абай Кунанбаеву 175 лет
image
Женіс лентасы
image
ҚР конституциясының 25 жылдығы
image
Балалар жылы

image

Шәкірттер — биік тұғырда!

Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің өрендері деңгейі биік байқауда топ жарып, Ертістің Павлодар өңірінің абыройын асқақтатты.
«Daryndy bala — 2022» аталатын республикалық вокал және хореография байқауында Павлодар аудандық Балалар өнер мектебінің шәкірттері үздік танылып, қазылар алқасының жоғары бағасына, көрермен қауымның сүйіспеншілігіне бөленді. Атап айтсақ, Айсана Қадырбай «Вокал» аталымында байқаудың Гран-приін жеңіп алып, арнайы дипломмен,  медальмен және статуэткамен марапатталды. Сонымен қатар өнер мектебіміздің тағы екі шәкірті — Адель Калеева мен Аружан Мағауия осы байқаудың «Вокал» аталымында озық шығып, лауреат атанып, I дәрежелі дипломға ие болды.
Байқау шарты бойынша Айсана, Адель, Аружан сахнада жанды дауыста ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.
Павлодар ауданы Балалар өнер мектебінің шәкірттері мен оларды баулып, биіктерге жетелеп жүрген ұстаздарды құттықтаймыз! Соның ішінде Павлодар ауданы Балалар өнер мектебі жанындағы «Вокал» сыныбының жетекшісі Петлица Алтын Маратқызына шәкірттері мен ата-аналар атынан зор алғыс!
Әрдайым табыс биігінен көрініп, жетістікке жете беріңіздер!